Мир путешествий № 55 | Page 10

март-апрель, 2018 МАҢҒЫСТАУДЫҢ ҒАЖАЙЫПТАРЫ Маңғыстау – Каспий теңізінің жағалауын алып жатқан, табиғаты қайталанбас сұлу ежелгі өлке. Көпғасырлық тарихы бар бұл жер бірегей мәдени құндылықтар мен сәулет ескерткіштері сақталған киелі мекен. Табиғатының бір-біріне ұқсамайтын ерекшеліктері де таңғалдырады. Бір жағында ақшағыл сусыма құмды жағажайы бар жүздеген шақырымға созылып жатқан жартасты жағалау мен кеңбайтақ шөлейт жатыр. Бір жағында Ақтаудың ақшаңқан шыңдары мен Қаратаудың бұлдыр шыңдары жатыр. Бұған қоса, сырға толы құздары мен ойпаттары көрген жанның жанарын жаулап, өлкенің туризмді дамытудағы алып әлеуетін байқатады. Арыстан қала Ерекше пішінді бұл тау Шетпе ау- ылына жақын маңда орналасқан. Оны бір бүйірінен қарасаң, алып аққанат киіз үйге ұқсаса, басқа тұсынан қарасаң, ұйқыдағы арыстанға ұқсайды. Сондықтан да тауды Шерқала деп атаған. Бұл түркі тілінде «арыстан қала» деген мағынаны білдіреді. Таудың етегінде ежелгі керуен сарайдың қабырғалары, баурайын- да қарауылдардың қуыстары, арқанды саты мен таудың шыңына жетелейтін жасырын жолдың іздері қалған. Орта 8 ғасырда мұнда Ұлы Жібек жолының ке- руен жолдарын күзететін бекініс болған. Маңғыстау тауларында жазықтың бойында керілген Ақмыш шатқалы жатыр. Мұнда сіз көздің жауын ала- тын тоғайлардан, бал бұлақтары мен қорған пішіндес тауларынан басқа тарихи ескерткіштерді де таба ала- сыз. Х ғасырда негізі қалаған ежелгі Қызылқала қалашығының қалдықтары соның куәсі. Бұл қыш құмыра өнімдерін жасаған, темір мен мыс өндірген, иран ыдыстарын, мысырлық және қытайлық моншақтар, балтық янтарьларын сатқан саудагерлер мен қолөнершілер қаласы болған. Бүгінде қалашықтың бүкіл аумағында қыш ыдыстардың сынықтары мен ұрылған қызыл кірпіш қалдықтары шашылып жатыр. Сол себепті де оны Қызыл қала атап кеткен. Көз сүрінетін жасыл желекті жазиралар Маңғыстауда көздің жауын алатын шатқалдар баршылық. Олардың бірі – табиғаттың ерекше сыйы – Батыс Қаратау қыраттарындағы Самал тау шатқалы. Шатқалдың етегінен шағын бұлақты өзен бастау алып, сатылы сарқырамалардан өтіп, құз жартасқа бет алады. Бұл қамыс, Қызыл кітапқа енгізілген дәрілік шөптер, сирек өсетін долана мен ағаштар көптеп өсетін жа- сыл желекті жазира. Тағы бір көрнекті жер – Айрақты- Шоманай шатқалындағы Шома- най тауы. Шаңға шығып тұрып, Жер ананың сұлулығына қайран қаласың. Ол сүмбісі, мұнарасы, бағандары мен бекініс қабырғалары бар ертегідегі қорғанға ұқсайды. Осы көрікті